
Көше атауын беру туралы бастаманы алғаш болып Талдықорған қалалық Қарулы Күштер ардагерлер кеңесі көтерген. Ұзындығы 1,7 шақырымдық бұл көше – Талдықорғанда Халық Қаһарманы құрметіне алғаш рет беріліп отыр.
Шара барысында көше атауы жазылған белгі ашылып, әскери оркестр Мемлекеттік Гимнді орындады, салтанатты оқ атылды. Облыс әкімі бұл қадам – соғыс ардагерлері мен ел қорғаны болған азаматтарға деген халықтың құрметі екенін атап өтті.
Айжан Нұрмағамбетова өз сөзінде атасының әскери жолын жастарға үлгі ету қажеттігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Салтанатты жиын «Күреңбел» ансамблінің орындауындағы «Отан» әнімен аяқталды.
Анықтама: Сағадат Нұрмағанбетов – Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1994 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген алғашқы азамат.