Ғалам ғажаптары • 01 Мамыр, 2025

Табандылық пен тапқырлық

1 мин
оқу үшін

Жапонияның Осака қаласында «Gate Tower Building» атты өзгеше нысан бар. Бұл көпқабатты үйдің бір ерек­­шелігі, ғимарат ішінен тас жол өтеді.

Табандылық пен тапқырлық

Бұл ерекше жоба кездейсоқ пайда болмаған. 1983 жылы осы жердің иелері ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салмақ болады. Бірақ сол уақытта қала билігі бұл аймаққа тасжол салу жоспарын бекітіп қойған еді. Енді қайтпек керек? Екі тарап ұзақ келіссөз жүргізеді. Нәтижесінде, 16 қабатты ғимарат салынып, 4-тен 8-қабатқа дейінгі аралықтан тас жол тікелей өтеді. Тас жолдың өзі арнайы дыбыс пен дірілді оқшаулайтын құрылғылармен қапталған. Сондықтан ғимарат ішіндегі адамдарға шу немесе қозғалыс мүлде сезілмейді. Бұл — инженерлік тапқырлықтың, табандылық пен келісімнің тамаша үлгісі.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13