Шахмат • Бүгін, 09:31

Бибісара көш бастап тұр

2 мин
оқу үшін

Норвегия астанасы Ослодағы «Norway Chess Women» турнирінде жерлесіміз Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп жатыр.

Бибісара  көш бастап тұр

Тұсаукесер кездесуінде үндістандық Хампи Конеруді (ФИДЕ рейтингінде 7-орында) қапы қалдырған Бибісара (№6) екінші турда Қытай шебері Чжу Цзиньэрмен (№4) тең түсті. Жарыс ережесіне сай классикалық шахматтан өткен әр бәсекеден соң жеңімпаз міндетті түрде анықталуға тиіс. Сол себепті «армагеддон» форматымен қосымша партия ойналып, бұл бәсекеде жерлесіміз басымдық танытты.

Үшінші турда Б.Асаубаева 20 жастағы Дивья Дешмукхпен (№11) кездесті. Кезінде жас­өс­пірімдер мен жастар арасын­дағы жарыстарда жасындай жарқылдап, әлемдік додаларда сан мәрте алтыннан алқа таққан Үндістанның аса дарынды шахматшысы ересектер додасында да өзінің мықтылығын мойындатып үлгерді. Дивья – Азия чемпионы, шахматшылар Олимпиадасының жеңім­пазы. Бұл сайыста да тең есеп тіркелді.

«Армагеддонда» да жеңім­паз анықталмады. Ондай жағдайда жеңіс қара фигуралармен ойнаған ойыншыға берілетіні белгілі. Бұл ретте Дешмухтың бағы жанды.

Төртінші кездесуін Бибісара Цзюй Вэньцзюньге (№3) қарсы өткізді. 2018 жылы әлем чемпио­ны атанған 35 жастағы Қытай шахматшысы әлі де тұғырдан тайған жоқ. Соңғы сегіз жыл аралығында өз атағын бес мәрте сәтті қорғады. Командалық әлем чемпионаты мен шахматшылар Олимпиадасында екі рет дара шықты. Міне, осындай атағы жер жарған хас шеберді Б.Асаубаева «армагеддонда» ұтты.

Бесінші турда бәрі керісінше болды. Бибісара украиналық Анна Музычуктан қосымша партияда ұтылды. Осы сәтсіздіктен кейін Дивья Дешмукхты алға жіберіп, екінші орынға сырғып түсті. Көп кешікпей Бибісара қайта көш бастады. Екінші ке­зеңдегі алғашқы бәсекесінде ол Хампи Конеруді тағы да ұтты. Бұл жолы «армагеддонда» айласын асырды. Қазір қазақ гроссмейстерінің қоржынында 9,5 ұпай бар. Екінші орындағы Дивья Дешмукхтың одан бір ұпайы кем.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13