
Еліміздің өндірістік аймақтарында жұмыскерлердің жарақат алу оқиғасы жиі тіркеледі. Мәселен, Қарағанды облысында – 159, ШҚО-да – 124, Павлодар облысында – 112, Абай облысында – 101, Қостанай облысында – 91, Алматы қаласында 116 адам зардап шеккен. Тау-кен металлургия өнеркәсібінде (18,3%), одан кейін құрылыс саласында (10,1%) жұмыскерлердің оқыс оқиғаға ұшырау фактісі жиі. Қызметкерлердің жұмыс үстінде арандауының басым көпшілігі өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%), жапа шегушінің өрескел қамсыздығы (31%), жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы (8,2%), еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтамаудан (7,6%) туындаған.
Бес жылда мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты жүзеге асырған кешенді шаралардың нәтижесінде азаматтардың өндірісте жарақат алу деңгейі 6,3%-ға төмендеді. Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорнына қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттары енгізілді. 2019 жылдан бастап министрлік «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіруге айрықша назар аударып отыр. Бұл тұжырым 605 кәсіпорында іске қосылған.
Құрылыс нысандарында бас мердігердің еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөнінде барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілік пен бақылауды күшейтетін үлгі енгізу қолға алынып, 318 кәсіпорында іске қосылды. Жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «Онлайн еңбек консультанты» электрондық сервисі де бар. Сервисті бүгінге дейін 42 985 жұмыс беруші пайдаланған.