Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі сыйлықтардың лауреаттары мен гранттардың иелерін, сонымен бірге Қазақстанның барлық журналистерін кәсіби мерекемен – Баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтады. Ол тәуелсіздікті нығайтуда және елдегі тұрақтылық пен татулықты орнықтыруда журналистер қауымының ерекше еңбек сіңіріп жүргенін атап айтты.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары “Ресей” телеарнасының “Вести недели” қорытынды бағдарламасының жүргізушісі Сергей Брилевке, “СТВ” телекомпаниясының бас директоры Айгүл Ишмұхамедоваға, “Көркем фильм” киностудиясының режиссері Рашид Сүлейменовке берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттарына “Егемен Қазақстан” газетінің шолушысы Сұңғатолла Әліпбаев, “Айқын” газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Мира Берікболова, “КТК” телеарнасының меншікті хабарларын тарату директоры Артур Платонов және “Костанайские новости” газетінің шығармашылық ұжымы ие болды.
Салтанатты рәсім барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы “Диалог Евразии” халықаралық журналының жетекші шолушысы Салих Акчайға, “Қазақпарат” ақпараттық агенттігінің жетекші шолушысы Кенжеболат Жолдыбайға, “Казахстанская правда” газетінің тілшісі Владимир Курятовке, Қазақ радиосының “Мен қазақпын!” бағдарламасының шығармашылық ұжымына және “Хабар-жер” телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына жарияланды.
– Бүгінде БАҚ азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі. Қазір біз дамудың тарихи кезеңіне көштік. Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының дана басшылығымен жаңа онжылдыққа қадам басып отыр. Біздің алдымызда ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларды жасау міндеті тұр. Бұл жалпыұлттық жоба. Ол бізге еліміздің одан әрі дамуының негізін қалауға мүмкіндік береді, – деді салтанатты рәсімде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21