Әдебиет • 24 Сәуір, 2025

«Жанжаза» қайта жарық көрді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатаудың етегін тең жайлаған қазақ пен қырғыздың түп тамыры мен тарихы, мәдениеті де бір-бірінен алыс емес. Ал осы екі халықтың әдебиетін биікке көтерген тұлғалар да өзара сыйласып, дос-жар болып, шығармашылық байланыстың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл сөзімізге Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың салған дара жолы дәлел бола алады.

«Жанжаза» қайта жарық көрді

Қазір де қазақ-қырғыз қаламгерлері өзара сыйластықтың, сырластықтың бейнесін көрсетіп жүр. Бұл күндері есімі аталған қос халыққа етене таныс Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романы «Фолиант» баспасынан қайталай жарық көріп, Астанада өткен VIII Eurosian Book Fair кітап жәрмеңкесінде таныстырылымы өтіп, оқырманға жол тартты.  Жынды жетеудің шөл даладағы сапарын суреттеп, сол арқылы адамзатқа үлкен ой айтқысы келген қаламгердің бұл романы талай жылғы тынымсыз еңбектің жемісі екені шындық. Шығарманы оқи келе біз әртүрлі қиындықтарға кездессе де, мойымаған жеті кейіпкердің үміті мен аңсары, мұраты мен мақсаты бөлек екенін түсінеміз. Иә, жеті ықылым заманды көз алдыңызға әкелетін жеті кейіпкері бар роман енді қазақ оқырманына қолжетімді.