Медицина • 17 Сәуір, 2025

Үздік медициналық ұйымдар анықталды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ТМККК, МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жариялады.

Үздік медициналық ұйымдар анықталды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Рейтингтік бағалауға мен­шік нысанына, бейін­дік бағытына қара­мас­тан 20 өңірдегі 772 меди­цина­лық ұйым таңдалған. Оның ішін­де ғылыми зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ересектерге арналған көпбейінді стационарлар, балаларға арнал­ған көпбейінді стационарлар, бо­сан­дыру ұйымдары, МСАК көрсе­тетін медициналық ұйым­дар, онкологиялық орталықтар, диспансерлер, туберкулезге қар­сы диспансерлер, фтизиопуль­мо­­но­­логия орталықтары, психи­ка­­лық денсаулық орталық­та­ры, аудан­дық ауруханалар қам­тылған.

Әдістемеге сәйкес, рейтингті есептеу кезінде 14 клиникалық индикатор, аккредиттеу туралы ақпарат, негізделген шағым­дардың саны туралы мәліметтер ескерілген. Республиканың 17 ғылыми зерттеу институты мен ғылыми орталығының ішінде Алматыдағы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғы­лыми орталығы» АҚ, «А.Сыз­ғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ, сонымен қатар Астанадағы «Ұлттық ғылыми медицина­лық орталық» АҚ рейтингке қатысқан ғылыми зерттеу институттарының арасында көшбасшы деп танылды.

15 онкология орталығының арасында клиникалық индикаторлар мен менеджмент көрсеткіштері бойынша Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Алматы онкология орталығы» мекемесі, «Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты» акционерлік қоғамы, Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді «Онкология және хирургия орталығы» үздік атанды.

Ересектерге арналған 84 көп­бейінді стационардың ішінде медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауру­ханасы, Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы, Астана қаласы әкімдігінің №2 көпбейінді қалалық ауруханасы үздіктердің алды болды.

24 көпбейінді балалар ста­цио­нарының ішінде Алматы қаласының №2 балалар қала­лық клиникалық ауруханасы, Қызылорда облысының көп­­бейін­ді облыстық балалар ауру­ханасы, Қарағанды қала­сы­­­ның көпбейінді балалар ауруханасы топ жарды. 178 аудан­дық аурухананың қызме­тін бағалау қорытындысы бо­йын­ша Қарағанды облысы Абай аудандық ауруханасы, Ақтөбе облысы «Әйтеке би АА» ұйымы, «Хромтау АА» мекемесі үздік атанды.

МСАК-тің 385 ұйымының ішінде менеджмент және клини­калық көрсеткіштер бо­йын­ша ең жоғары нәтижеге қол жет­кізген 5 үздік қалалық емхана анықталды. Олар – Астанадағы Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы, Алматы қаласының №17 қалалық емханасы, Батыс Қазақстан облысының №4 қала­лық емханасы, Ақтаудағы «Sofie Medgroup» көпбейінді клиникасы» ЖШС, Павлодар қаласы әкімдігінің №3 емханасы.

2023 жылдан бастап елдегі медициналық ұйымдарды, ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың қызметін рейтингтік бағалау жаңарғаны белгілі. Мұнда өңір мен республика деңгейінде медициналық көмек көрсету бейіндері бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік беретін өзекті әдістеме қолданылады. Бұл да болса пациенттерге сапалы медициналық көмек ұсы­натын үздік ұйымдарды анық­­тауға септігін тигізеді, рейтинг­­тен қалыс қалғандарды жігер­лендіреді.