Мереке • 10 Сәуір, 2025

Наурыз мерекесі Вашингтонда тойланды

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сан ғасырдан бері келе жатқан Наурыз мерекесі қазіргідей гүлденген заманда әлемдегі алпауыт елдердің астаналарында да тойланып жатқаны сүйсіндіреді.

Наурыз мерекесі Вашингтонда тойланды

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшілігі Түркия, Өзбекстан, Әзер­бай­жан, Қырғызстан, Түрікменстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Вашингтон қаласында Наурыз мере­­кесіне арналған ортақ іс-шара ұйым­дастырды. Аталған іс-шара аясында қала тұрғындарына аталған елдер­дің ұлттық музыкасы мен би өнері ұсынылды. Вашингтонда қазақ­тың «Гүлдер» тобы «Аққу», «Мей­рам» билерін, сонымен бірге ұлты­мыз­дың шашу, тұсаукесер рәсім­де­рін де іс-шараға қатысушыларға көрсетті.

Салты мен дәстүрі бір түркі жұртының ортақ мейрамы ретінде тойланған бұл іс-шара алыстағы Америка жұртшылығының түркі халықтары салт-дәстүрін түсінуіне, сол арқылы Орталық Азиядағы туысқан елдердің ынтымағы мен бірлігін сезінуіне түрткі болды.