Көрме • 13 Наурыз, 2025

Баба мұрасын барлаған

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орта­лық музейде жараты­лыстанушы ғалым Мағрипа Жылқы­баева­­­­­­­ның 80 жыл­­дық ме­рей­­­­­­­тойы­на арнал­ған­ «Алтын адам­ның мұра­сы» атты та­ным­дық көрме ашылды.

Баба мұрасын барлаған

Көрме кванттық фи­зика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғанындағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасап, 25 том кітап жазған жаратылыстанушы ғалымның шығармашылық жолы мен өмір өнегесі туралы сыр шер­теді.

Ол – адамзаттың көне тарихына бойлап, байырғы жаһандық тұлғалар өмірін суреттеп, ежелгі өркениеттер­дің ғажайып құпиясын бүгінге жеткізген тұлға. Ғылыми орта Мағрипа Жылқыбаеваны оп­тикалық кристалдарға ра­диацияның әсері жайында кешенді зерттеу жүргізген тұңғыш ғалым ре­тінде біледі. Осы ғылыми ең­бек қор­ғалған кезден бергі уақыт аралығында В.Федоров, Т.Плужникова, Р.Кириллов, О.Матвеева, И.Нефедова, Е.По­лисадова, В.Корепанов, т.б. жаратылыстану салала­рын­­дағы ғалымдар Мағри­па Жылқыбаеваның еңбегі негізінде зерттеулер жүр­гізіп, өздерінің ғылыми жұмыс­тарына, диссертацияларына ғалым еңбегін арқау еткен.

а

Көрмеге ғалымның тірші­лігінде тұтынған жеке заттары мен ғылыми еңбектері қойылды. Іс-шараның ашылу салтанатында «Үш қиян» баспасының директоры Мах­мут Қосмамбетов жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адам­ның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын расшифровкалау нәтижесінде жазып шыққан «Алтын адамның аманаты», «Алтын адамның мұрасы», «Құпия күштер құдіреті» кітап­­тарын таныстырды.

«Мағрипа Жылқыбаева – Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын фи­зика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик. 1989 жылдан бас­тап Алтын адамның күміс зерен­шесіндегі 26 таңбасын оптика ілімі арқылы зерттеумен айналысқан ғалым еліміздегі және шетелдердегі 1000-нан астам жартас жазулары­ның, көне каллиграфиялық су­рет­тердің шифрын ашты. Пет­ро­глифтерді, көне заман жәді­герлеріндегі шифрлы жазуларды кванттық оптиканың көмегімен оқу əдісі – Мағрипа Жылқыбаеваға тиесілі. Отыз жылдан астам уақыт бойы жар-т­астардағы геометриялық фигураларды зерттеп, жер бетін­дегі географиялық атау­лардың, этно­­­­нимдердің эти­мологиялық кодын тапқан ғалым оптикалық əдістермен Арасандағы және Іле бойын­дағы Будда жазуларын, Жеті­су жартастарындағы көне таңбалар мен петроглифтерді расшифровкалап, қағазға тү­сірді» дейді көрмені ұйым­дас­тырушылар.

Саналы ғұмырын қазақ ғы­лымына арнаған ғалым­ның өмір тынысынан, шығар­машылық жолынан мол мағлұмат беретін көрме Нау­рыз мерекесіне дейін жалға­сады.

 

АЛМАТЫ