Қоғам • 06 Наурыз, 2025

LRT-нің алғашқы стансасы дайын

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

CTS көлік компаниясы Астана халықаралық әуежайы маңында Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан LRT стансаларының бірін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT-нің алғашқы стансасы дайын

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, №101 жобалық атауымен белгілі стансасында әрлендіру жұмысының барлығы аяқталды. Сондай-ақ металл конструкциялар монтаждалып (497,51 тонна), сырты арнайы материалдармен қапталды (4765 м²).

LRT-ның болашақ стансасы эскалаторлармен, лифттермен, жолаушылар үшін ыңғайлы интерактивті экрандармен жабдықталған. LRT желісі жердегі (11 станса) және жерүсті (7 станса) болып бөлінетін екі деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 стансадан тұрады.

Компанияның баспасөз қызметі Сығанақ (екі станса), Ш.Қалдаяқов (төрт станса) көшелерінде және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (бір станса) орналасқан стансаларды жол ортасына қарай орналасуы ерекшелендіріп тұрғанын жеткізді. Оларға жету қауіпсіз болуы үшін жеті стансаның әрқайсысына екі-екіден жерүсті өткелдерін салу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше