Президент • 25 Ақпан, 2025

Заң жобасы әзірленеді

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады.

Заң жобасы әзірленеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі былтыр атқарған қыз­меті­нің қорытындылары, сондай-ақ алдағы ке­зең­ге арналған жоспары жөнінде баяндалды.

Дархан Жазықбай кадрлық үдерістерді авто­­маттандыру және цифрландыру, ма­ман­­дығы мен функционалдық бағыты бо­йын­­ша біліктілік талаптарына сәйкес әлеует­­­ті кан­дидаттардың деректер базасын қалып­­тас­­­­­тыруға мүмкіндік беретін eQyzmet инте­гра­­­­ция­­л­анған ақпараттық жүйесін жаппай қол­да­нысқа енгізу нәтижелері туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына электронды жеке істер негізінде басшылық лауазымдарға үміткерлердің рейтингін жасақтауға жол ашатын «Персоналды іріктеу» цифрлық функционалының енгізілу барысы жөнінде айтылды. Үміткерлер жеке және кәсіби дамуын ескеретін цифрлық рейтингті қолдану арқылы іріктеледі.

Президентке мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың кадрлық қызметін автоматтандыру туралы бұған дейін берген тапсырмасының орындалу нәтиже­лері таныстырылды. Агенттік төрағасы «Бірың­ғай кадр қызметі» ақпараттық жүйесіне 8 мемлекеттік органның 19 ведомстволық бағыныстағы ұйымы қосылғанын айтты. Биыл ақпараттық жүйеге шамамен 500 мыңдай адам жұмыс істейтін 47 мемлекеттік органның 2 400-ге жуық ведомстволық бағынысты ұйымын қосу жоспарланып отыр.

Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік қызметке білікті мамандар мен дарынды жастарды тарту, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шаралары туралы есепті тыңдады.

Кездесуде қызмет алушылар құқықтары­ның сақталуына жүргізілген цифрлық мони­то­ринг нәтижелеріне, адами ресурсты басқару саласындағы озық тәжірибе алмасу және мем­лекеттік қызметшілерді шетелде тағы­лым­дамадан өткізу мәселелеріне айрықша мән берілді.

Президент «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдама­сын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсыр­ма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін заманауи HR-құралдарын енгізу маңызды екеніне назар аударды. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25