Құрметті қазақстандықтар!
Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, азаматтық қоғамның барлық топтарының мүддесін білдіре отыра, жетекші саяси күштердің және үкіметтік емес ұйымдардың ашық үнқатысуын қамтамасыз етеміз.
Коалиция жақында өткен президенттік сайлау науқанында Елбасы ұсынған халықтық бес реформаны талқылауға аса үлкен белсенділікпен атсалысты. Біз жаңғыртуға және институционалдық реформаларды жүргізуге бағытталған Елбасы бағдарына деген орасан қолдаудың куәсі болдық.
Сайлау қорытындысы реформалар жүргізуге тікелей мандат берген халқымыздың тұтастығы мен азаматтық бірлігін күллі әлемге паш етті.
Қазақстан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дамудың өзіндік бірегей стратегиясын әзірледі. Аталған реформалар ең алдымен қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан да, реформалар шетелдік саясаткерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болып отыр.
Халыққа қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппарат, ашық әрі есеп беретін мемлекет, әділ сот пен қызметі айқын құқықтық органдар, индустрияландыру және әлеуметтік-экономикалық өсім, халықтың бірлігі мен тұтастығы – осынау реформалардың әрқайсысында елімізді ең дамыған мемлекеттердің 30-дығына қосудың және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудың институционалдық негізін қалау көзделген.
«Реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарияланды. Президенттің тапсырмасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия үлкен жұмыстар атқаруда.
Мемлекет басшысы атап айтқандай, «реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Оңайға түспейді, қарсылықтар да болады. Алайда, реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі.
Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді».
Бүгін біз, коалиция мүшелері, жетекші саяси партиялар және ірі үкіметтік емес бірлестіктер Үкімет пен Парламент өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылай келе, оны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен кеңестер бердік.
Тәуелсіздік жылдары халқымыз Елбасының басқаруымен қайта құрылымдау мен жеңістерге толы үлкен кезеңнен өтті. Қазақстандықтар болашаққа деген нық сеніммен біртұтас ұлт ретінде нығайып, әлемге жаңа Қазақстанды әйгілей отырып, табысты мемлекет құрды.
Ауқымы орасан осы реформаларға кіріскен дәл қазіргі сәтте де біз алдағы мақсаттарға қол жеткізетінімізге – қуатты әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құратынымызға нық сенімдіміз.
Әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық борышын түйсініп, баршаға ортақ өсіп-өркендеу жолында барын салатынына кәміл сенеміз.
Коалиция барша азаматтарды, барлық қоғамдық күштерді Елбасының халықтық бес реформасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты атсалысуға шақырады.
Барлығымыз күш біріктіргенде ғана келер ұрпақтың болашағы үшін баршаға арналған осы заманғы мемлекетті құрып, Қазақстанды өсіп-өркендеген әрі қуатты елге айналдыра аламыз!
«Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы, «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL-ды дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы.
2015 жылғы 18 маусым, Астана қаласы.
• 19 Маусым, 2015
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10