Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі қалалық комиссияның отырысында Алматының әкімі Ахметжан Есімов діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу орайындағы ақпараттық-насихаттық топтар жұмысын жандандыруды тапсырды.
Құқық қорғау құрылымдарының, күш ведомстволарының өкілдері және қалалық басқармалар басшылары қатысқан жиын барысында адамдар көп жиналатын жерлердегі діни арандату мен терроризмге қатысты бірқатар көкейкесті мәселелер талқыланды. Қала басшысы терроризмге қарсы күреске жұмылған мемлекеттік органдардың қаржылық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиісті дәрежеде екендігін атап көрсетті. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 2014-2015 жылдары 104 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, қарапайым халықтың діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдар қызметінің бет-пердесін ашу жөнінде шаралар қолданылуда. Дәстүрлі діндерді насихаттау, қала тұрғындарының халқымыздың дәстүрі мен мәдени мұрасына сай келетін діни санасын қалыптастыру орайындағы қызмет күшейтіле түскен. Алайда, бұл жұмыста кемшіліктер мен әттеген-айлар да жоқ емес. Соның салдарынан, әсіресе, жастарды радикалдық бағыттағы діни идеология ықпалынан толықтай қорғау мүмкін болмай қалатын кездер де аз емес.
Осыған байланысты алқалы жиында шешімін талап ететін бірқатар міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, қалалық құрылымдардың басшыларына өз кәсібімен айналысып жүрген және жұмыссыз жастар арасындағы насихатты пәрмендірек жүргізу, оқушыларды қосымша біліммен неғұрлым кеңірек қамту, оларды дене шынықтыру мен спорт шараларына пәрменді тарту тапсырылды. Сондай-ақ, Жедел бақылау орталығының техникалық мүмкіндіктерін кеңейту және қаланың электронды картасын жаңғырту орайында да жақсартуды тілейтін жайлар баршылық.
Бір айта кетерлігі, Алматыда осы бағытта 9 ақпараттық- насихаттық топ жұмыс істейді. Олар халықтың діни сауаттылығын арттыру, теріс бағыттағы діни ағымдар қызметінің қитұрқысын ашу жөнінде мақсатты түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10