ОРАЛ. 18 маусым. Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлері Шалқар көлінде төрт демалушыны құтқарды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орал қаласының 25-35 жас аралығындағы екі ер және екі әйел адам көлге дем алуға келген. Олар үрмелі арнайы бұйымда күнге қыздырынып жатып, жағадан қалай алыстап кеткенін байқамай қалған.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының №2 Шалқар бекетінің құтқарушылары Ербол Хангереев пен Нұрхан Жолахов бекітілген аумақты патрулдеуді аяқтай келгенде, жағадан 800 м қашықтықта шыжыған күн астында ашық көлдегі төрт адамды байқап, оларды дереу жағалауға жеткізді.
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай жағдай демалушылардың тұрмыста ұйықтауға қолданатын үрмелі матрацты көлде қолдану кезінде жиі тіркеледі. Себебі, мұндай бұйымдар жеңіл болып келеді екен.
Шалқар көлі тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, оңтүстік-шығыс Еуразияның ірі көлдерінің бірі. Аумағы 14-19 шаршы шақырымды алып жатқан көлі Ақжайық өңіріндегі көрікті мекендердің бірі. Тек оралдықтардың ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның көрші облыстары мен Ресейден су құрамы теңіз суына ұқсас тұзды көлде денсаулықтарын қалпына келтіруге көптеп адамдар келеді.
Демалушылардың көптігіне байланысты көл жағалауында апатқа ұшыраған адамдарды құтқаруға қажетті жабдықтармен жасақталған бекет қызмет етеді. Бүгінге дейін құтқарушылар талай рет адамдарды ажалдан арашалап қалды.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.
• 18 Маусым, 2015
Батыс Қазақстанда көл жағасынан алыстап кеткен 4 адам құтқарылды

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25