ПЕТРОПАВЛ. 18 маусым. Қызылжар өңірінде заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылып жатқан ықпал ету шараларына қарамастан жер қатынастары саласындағы бұра тартушылықтар тыйылмай отыр. Бұл туралы облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті хабарлады.
Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Жасұлан Смағұлов мәлімдегендей жер туралы заң талаптарының орындалуына байланысты жүргізілген тексеріс қорытындылары көңіл көншітпейді. Жер учаскелерін беруде және қайтаруда заңдылықтардың қатаң сақтала бермеуі салдарынан биылдың өзінде ғана 86 факт әшкереленген. Екі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 5 миллион теңге мемлекеттің пайдасына өндірілген. Жуырда 3 миллиард теңгенің жер телімі мемлекеттің меншігіне қайтарылғанын тілге тиек еткен ол қала әкімдігінің Южный кентіндегі жалпы аумағы 235 гектар жер учаскесін “Тобыл” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының жекеменшігіне беру туралы қаулысы заңсыз деп табылғанын жеткізді. Сөйтіп мемлекет меншігіне кері қайтарылған.
«Жер телімдерін алу үшін кезекте тұрғандар саны 5 мыңнан асып жығылады. Енді ол жерлерді сол азаматтарға беру керек. Прокурорлық әрекет етудің арқасында тұрғындардың жер телімдеріне кезегін 24 пайызға кемітуге қол жетті», дейді Ж. Смағұлов.
Былтыр жер қатынастарына жауапты органдардың заңға қайшы шешімдері аз болмапты. Оған дәлел ретінде Петропавл қаласы әкімдігінің жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иесіздендіру туралы қаулысын келтірді. Оның негізінде 77 жер учаскесінде орналасқан құрылыс нысандарын бұзу мәселесі қарастырылған. Себебі, әкімдік белгілеген жер телімдері қаланың бас жоспарына сәйкес үй-жай құрылыстарының аумағына жататыны анықталған. Әрі аталмыш ауданға салынбақ болған жаңа құрылыстың жоспары мен жобасы жасалмаған.
Қалалық жер қатынастары бөлімінің бұдан басқа да “былық-шылықтары” толып жатқан көрінеді. Прокурорлық тексерістің нәтижесінде Ульянов көшесі, 59 мекенжайындағы жер учаскесінің заңсыз берілгендігі белгілі болған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот прокуратураның Сәтбаев көшесі, 17 “А” мекенжайында орналасқан жер учаскесін мемлекетке қайтару туралы талабын қанағаттандырған. Облыс орталығының бас жоспарын белден баса отыра жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін үлестірген құзыретті мекеменің басқа да әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Сот тәртібімен құны 1 270 000 теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Прокурордың айтуынша, мұндай заңсыздықтар көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызады. Сол себепт жер мәселесінде олқылықтарға орын берген тұлғалар тиісті жазасын алатын болады.
Өмір Есқали.
Дерек: облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті.
Сурет: egemen.kz

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25