
Сурет: el.kz
Логистика жүйесінің дамуы – бизнестің табысты болуының негізгі факторларының бірі. Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорын мен сауда компаниясына тауарларды тиімді әрі уақытында жеткізу – басты міндет. Осы тұста «жасыл дәліздердің» тиімді жұмыс атқаруы маңызды рөл атқарады. Егер тасымалдау жүйесі жеңілдетілсе, шекаралас елдермен саудадағы мүмкіндіктер еселене түсер еді. Сол себепті, инфрақұрылымды дамыту – кәсіпкерлер үшін басты қадам.
Сонымен қатар қазіргі заманғы технологиялар логистиканы ғана емес, жалпы бизнес-үдерісті оңтайландыруға да ықпал етеді. Автоматтандыру, цифрландыру, жасанды интеллект сияқты құралдар компанияларға уақыт пен ресурсты үнемдеуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, бұл бағыттағы мемлекеттің қолдауы арта түссе, еліміздің экономикалық бағыттағы кәсіпкерлік ортасы жақсарып, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сенімдемін.
Олжас Құспеков,
Мәжіліс депутаты