 
                                        Фото: gov.kz
Енді қинау фактісі үшін (ҚК 110-бабы) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-1 бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1 бабы) әрекеттерін жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 
Бас прокуратура өткен жылы осы санаттағы істер бойынша 85 адам сотталғанын мәлімдеді.
«Мысалы, 7 жыл бойы әйеліне тән жарақатын салып және психологиялық зардап көрсетіп, қинағаны үшін ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір құқықбұзушы тыйым салуды елемей, таныс қызын 5 жылдан астам уақыт бойы қудалаған. Прокурор оның жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп, жанжал шығарып, отбасын қорқытып, ұрып-соққаны жөнінде дәлелдер келтірді. Осы әрекеттері үшін ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», делінген прокуратура хабарламасында.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                