Мемлекеттік туды қорлауға болмайды. Ол – елдігіңнің, тәуелсіздігіңнің белгісі. Азамат болып отбасыңды асырап жүрсең, сені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай төбеңді көкке жеткізетін Отаныңның символы.
Бірақ, көкірегі көр жандар олай ойламайды екен. Жұрт болып қастерлеген мемлекеттік рәмізді қорлау таяз жандарға ештеңе емес.
Шымкентте Мемлекеттік тумен қоқыс шығарған жұмысшылар анықталды. Осыған байланысты қала әкімінің баспасөз қызметі арнайы брифинг өткізіп, ақпарат құралдары өкілдеріне түсінік берді.
Оқиға Шымкентте орын алғаны анықталды, деді баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек. Әл-Фараби ауданы аумағын тазалаған қызметкерлер «Бек-Асыл Сервис» ЖШС-інде жұмыс жасайды. Жүк көлігі де осы мекемеге тиесілі. Қылмыстық кодекстің 372-бабына сәйкес еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қорлау 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын атқарумен жазаланады.
Бүгінде екі жұмысшы мен жүргізушіден құқық қорғау өкілдері жауап алып жатыр. Оларға да жан керек. «Біз барғанда ту құлап жатыр екен. Үстіне қоқыс төгіліпті. Біз бар болғаны туды қоқыстан тазарттық», дейді күдіктілер.
Мемлекеттік туды қорлау бірінші рет болып отырған жағдай емес. Елдігіңнің нышанын аяқасты ету – нағыз көрсоқырлық. Оларды аямау керек.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25