Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024

«Алтын қалам» иегерлері анықталды

53 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалам ұстаған қа­уым асыға күтетін «Ал­тын қалам» әдеби бай­қа­уының бас­тау ал­ғанына биыл 15 жыл толып отыр. Әде­би ор­тада танымал жо­ба арадағы үш жыл үзі­лістен кейін жаңа мау­сымын жариялап, қа­лам қуатымен жүзден жүйрік шыққан авторларды марапаттау рә­сімі Ықылас Дүкен­ұлы атындағы халық му­зыкалық аспаптар му­зейінде өтті.

«Алтын қалам» иегерлері анықталды

«Алтын қалам» байқауынан қа­наттанған қаншама ақын-жа­зу­шылар оқырманға танылып, топ­жарған туындылар ұлт әдебиетінің озық шы­ғармаларының қатарына қо­сылып келеді. Еліміздің жас дарындары мен жаңа есім­дерін қалың жұртқа та­ныс­­тыруға септігін тигізіп келе жат­қан байқау биыл Нұрлан Смағұлов қорының қол­да­уымен өтті.

Мерейлі датаға тұспа-тұс келген байқауға 115 автордан 202 шығарма келіп түскен. Өз кезегінде оқырмандар ұнаған туындыға онлайн түрде дауыс берген. Бәйге қорытындысына сәйкес, «Жылдың үздік балалар шығармасы» аталымында Нұрбек Нұржанұлы, «Жылдың үздік поэзиясы» аталымында Алтынбек Мер­садық, «Жылдың үздік прозасы» аталымында Бекен Ыбырайым, «Жылдың үздік сатирасы» аталымында Асхат Өмір­баев, «Жылдың үздік фан­тастика және детектив шығармасы» аталымында Бақыт Жамалиева, «Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы» аталымында Шаридияр Уәлиханов же­ңімпаз атанды.

Ұйымдастырушылар ал­қасы бәй­геде бағы жанған үз­діктерге естелік сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табыстады. Жеңімпаздар арасынан 1 млн теңгелік бас жүлде «Уран ке­ніші» атты туындысы үшін Бекен Ыбырайымға бұйырды. Бұған қоса, жыл со­ңында қа­тысушылардың үздік әдеби шығармалары жеке жи­нақ тү­рінде оқырманға жол тартпақ.

Мемлекет басшысы: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақы­тымызды пайдалы істерге жұм­сағанымыз жөн», – деп көп­шілікті кітап оқуға ынталандыру керек екенін, сондай-ақ қазақ тілін дамыту әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өткен еді. «Алтын қалам» әдеби байқауы бұл бастаманы барынша қол­дайды. Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиеттісі – көркем әде­биет. Қазақ әдебиетінің тұғырын биік­тете түсетін осын­дай ізгі шаралар көбейе бер­сін», дейді әдеби байқауды ұйым­дастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15