Жекпе-жек • 19 Желтоқсан, 2024

Бразилиялыққа бет қаратпады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің Иса Таун қаласында аралас жекпе-жектен «Brave 91» турнирі өтті. Осы жарыста аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Диас Еренғайыпов октагонға шықты.

Бразилиялыққа бет қаратпады

Диас осы күнге дейін 14 кездесу өткізіп, соның үшеуінде ғана есе жіберді. Соңғы рет осыдан бес жыл бұрын ресейлік Алексей Шапошниковтен ұпай санымен ұтылды. Содан кейін қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетті. Парсы шығанағындағы қарсыласы да осал емес еді. Бразилиялық Марчиано Феррейраның рекорды – 16 бәсеке, 10 жеңіс, 3 жеңіліс. Екеуі де өз айқастарының 70 пайызын айқын басым­дықпен аяқтаған.

Бәсеке басталған бетте Феррейра ша­буылға шықты. Бірақ Диас оның еркін ойқастауына мүмкіндік бермей, бірден күрес әдісіне салды. Бірінші раундтың өзінде оны төрт-бес рет басы мен кеудесінен асыра лақтырып, жерге қадады. Әдетте бразилиялық джиу-джитсудың шеберлері ұстасқанда ешкімге дес бермейді, бұл жолы олай болмады. Оңтүстік Американың оғыланы қазақ балуанына жарытып қар­сылық көрсете алған жоқ. Марчиано үнемі Диастың астында жатты. Осы көрініс үш раунд, яғни 15 минут бойы жалғасты. Феррей­­раны әрі де, бері де лақтырып, әбден сілік­песін шығарған Д.Еренғайыповтың мық­тылығын төрешілер бірауыздан мойындады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15