«Таза Қазақстан» • 04 Желтоқсан, 2024

Арнаға ағаш отырғызды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Жам­был ауда­нының Ұзын­ағаш ауылында «Таза Қа­зақстан» респуб­ли­калық акция­сы аясында сенбілік ұйым­дас­ты­рылды. Маңызы зор іс-ша­раға мемлекеттік қыз­­­­мет­керлер мен ауыл тұр­­­ғындары, белсенді жас­тар атсалысты.

Арнаға ағаш отырғызды

Сенбілік барысында аудан орталы­ғы­ның «Ал­тын асық» ша­ғын ауданына 100-ге жуық адам жиналып, ауыл ішімен өте­тін өзен арнасына ағаш екті. Бұдан бұрын бұл арада көпір салынып, төңірегіне тал-терек отырғызылған. Олардың қа­тары 400 түп әртүрлі ағаш көше­тімен толық­ты.

«Бұл жолғы экологиялық сен­білікке мың түп көшет алынып, соның 400-і осы өзен арнасына отырғызылды. Ал қалған 600 көшет басқа ауылдарға бөлініп бе­рілді. Яғни бұл күні басқа ауыл­дық округтерде де осын­дай сен­білік өткізілді. Жалпы, биыл ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» эко­логиялық акциясы аясында Жам­был ауданында 9600 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Көк­темде соның 4800 түбі егіл­ді, ал қал­ған жартысы күз айларында аудандағы 24 ауыл­дық округ­те отыр­ғы­зылып жа­тыр. Белгі­ленген жос­пар жыл со­ңына дейін толықтай аяқ­талады», деді ауда­н әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше