АТЫРАУ. 30 қаңтар. Атырау облысы соттарының судьяларымен 27175 істі қаралды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.
Сот органдарының жетістіктері мен жіберілген кемшіліктері талданған алқа отырысында облыстық сот төрағасы Мұхтар Смағұлов судьялар корпусы үшін сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту, сот отырыстарының жариялылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің имиджін көтеруді кеңінен насихаттау, жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізу, судьялар қатарын кәсіби шеберлігі төмен, адамгершілік-моралдық бейнесі күмәнді адамдардан арылту жөнінде кеңінен тоқталды.
Төрағаның мәлім етуінше, былтыр өңір соттарында 27 175 іс қаралды. Оның ішінде 1995-тен астамы азаматтық, 1 507 қылмыстық, 23 673-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бар. Судья медиаторлардың қарауына 706 іс берілген. Сот шешімдерін шығарған кезде бас бостандығынан айырмай жаза тағайындаудың үлес салмағы көбейе түсуде. Тоғыз адамға қатысты ақтау үкімі шығарылды.
«Сонымен бірге, былтырғы жылдың шілдесінен бері қолдарында цифрлы электронды қолтаңбалары бар азаматтарға «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарын, сот отырыстарының хаттамалары мен хаттамаларға ескертулерді, ұсыныстарын жіберуге, электронды көшірмелерін алуға мүмкіндік туды. Осы жоба аясында, яғни, «Сот кабинеті» арқылы 2442 электронды талап арыз, 9 хаттамаға ескерту, 902 хаттаманың көшірмесін алуға өтініш, 56 электронды шағым, барлығы 30409 өтініш келіп түсті», деді облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: Атырау облыстық соты.

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10