АСТАНА. 29 сәуір. Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық округінде Нұра өзеніндегі бөгет бұзылып, жергілікті халық қауіпсіз жерге көшірілуде. Оқиға 28 сәуірде сағат 18:30-дар шамасында болған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сілтеме жасап, tengrinews.kz хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, бөгеттің бұзылу салдарынан Оразақ ауылының ескі бөлігін су басқан. Әзірге қанша үй су астында қалғаны нақты белгісіз. Тілсіз жау ауылдың жаңадан салынған бөлігіне жақындап келеді.
Целиноград аудандық әкімдігінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындарды шұғыл қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталып кеткен. Ауданнан осы мақсатта 8 автобус оқиға орнына жіберілді.
Алғаш болып 7 адамды: қариялар мен аяғы ауыр әйелдерді эвакуациялады. Олар емханадағы 20 адам үшін дайындалған уақытша панаға орналастырылды. Аудан әкімі Малғаждар Тәткеевдің мәліметіне сүйенсек, Оразақ ауылының тұрғындары арасында тасқыннан зардап шеккен және қаза тапқандар жоқ.
Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша, аталған ауылда 400-ден астам үй және 2 000-ға жуық тұрғын бар. Өзен суының көтерілуіне байланысты тұрғындардың көп бөлігі бөгет бұзылғанға дейін қауіпсіз жерге көшірілген. Бүгінде қалған тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Тәткеевтің айтуынша, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 70 пайызы қауіпсіз жерге көшірілген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.
• 29 Сәуір, 2015
Ақмола облысында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10