АСТАНА. 28 сәуір. Аса ірі көлемде бопсалау бойынша айыпталған кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сот шешімімен қамауға қойылды. Бұл туралы қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжегариннің сөзіне сілтеме жасап, zakon.kz хабарлады.
2015 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты тергеушінің өтінішін қарады. Онда Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы – күш қолдану арқылы топ болып бопсалау бойынша айыпталған күдікті Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкіне тыйым салуды санкциялау туралы айтылған. Аталған өтінішті Есіл аудандық прокуроры да қолдаған болатын. Бұл баптың санкциясы бойынша дүние-мүлік тәркіленеді.
Осы іске қатысты сотта: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 161-бабы 1-бөліміне сәйкес, азаматтық талапты қанағаттандыру үшін үкімді орындау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізетін тұлға басқа да мүліктік өндіріп алу немесе дүние-мүлкін тәркілеу үшін дүние-мүлікке тыйым салу шарасын қолдануға міндетті», – деп хабарланды.
Нәтижесінде сот Жамалиевтің «Lexus LX 570», «Mercedes Benz S500», Lamborghini Gallardo» маркалы автокөліктерін, 821303, ААВ 81012В тіркемелерін және жылжымайтын мүліктері – Астана қаласындағы пәтері мен тұрғын үйін тұтқынға алуды санкциялау бойынша қаулы шығарды. Егер кәсіпкер кінәлі деп танылса, бұл дүние-мүліктер тәркіленеді.
Апелляциялық тәртіп бойынша бұл қаулы күдіктінің шағымдану мерзімі аяқталғанда күшіне енеді.
Айта кетейік, таяуда Қайрат Жамалиевтің ұйымдастыруымен үш адам Әліби Жұмағұлов есімді жас жігітті ұрып-соққаны туралы деректер ғаламторға жарияланған болатын. Әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, халықтың назарын аударған бұл істі еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министрі өз бақылауларына алғаны да белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: zakon.kz.
• 28 Сәуір, 2015
Қайрат Жамалиевтің ірі көлемдегі дүние-мүлкі қамауға қойылды

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14