ПЕТРОПАВЛ. Солтүстік Қазақстанда сайлауға белсене қатысқандардың бірі шаруа қожалықтарының иелері болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқан жылдан бері шаруаларын дөңгелетіп, қазір өңірде белгілі кәсіпкер болып жүрген азаматтың бірі “Тайынша-Астық” ЖШС-нің директоры Анатолий Рафальский сайлауда өз дауысын еліміздің болашағын алыстан ойлайтын азаматқа, яғни Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бергенін айтады.
«Мен – Қазақстанда туып-өстім. Осында білім алдым. Бүгінде өңірдегі ірі агроқұрылымдардың бірі “Тайынша-Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне басшылық етемін. Қарамағымдағы жүздеген ауыл еңбеккерлерімен бірге ауыл шаруашылығымен айналысып келемін», - дейді ол.
Ол қызмет бабымен жақын және алыс шетелдерге шығып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен жиі кездесетінін, мұндай басқосуларда өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісетінін айтты. «Қазақстандық аграршылардың табыстары шетелдік әріптестерінің алдында жоғары бағаға ие болып жүргені елге және ондағы игіліктерге деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бұл, шынында да, үлкен жетістік. Дәл біздің елдегідей ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекет тарапынан зор қолдау ТМД-дағы ешбір елде жоқ екендігін сеніммен айта аламын. Жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қауқарымыз жетеді. Алқаптарда заманауи техникалар жұмыс атқарады. Асылтұқымды мал басын көбейтіп, экологиялық сапалы өнімдер шығарудамыз», - дейді ол.
Кәсіпкер осыдан бірнеше жыл бұрын шаруашылықта Мемлекет басшысын қарсы алу құрметіне ие болды. «Сол кезде егіс танаптарын аралап, сүт кешенінде болып, жұртшылықпен жолыққан Елбасы облыста және ауданда атқарылып жатқан істерге оң бағасын бергені соны серпінмен жұмыс істеп, жаңа белестерді бағындыруға ынталандыра түсті», - дейді Анатолий Рафальский.
Сондықтан оның айтуынша, біздің барлық жетістіктеріміз сайлауда айқын жеңіске жеткен Елбасымен тікелей байланысты. Бұл сайлау тағдырының таңдауын тани алған, ерік-жігері мықты ел-жұрттың кемел келбетін көрсетті. «Нұрсұлтан Назарбаев мерейінің үстем болуы қазақстандықтар даналығының жеңісі деп білемін. Бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде, солтүстік өңір бүкіл әлемге бірліктің, өзара түсіністіктің, бейбітшілік пен келісімнің, өз Отанын қалай сүюдің жарқын үлгісін паш етті. Бүгінде Қазақстанды әлем таниды.Мұның бәрі Президентіміздің көреген саясатының, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің арқасы», - дейді ол.
Сонымен бірге ол Қызылжар өңірі жұртшылығының 97,71 пайызы таңдауларын жасап, 98,33 пайызы Н. Назарбаевты жақтап дауыс бергенін, бұрынғысынша жоғары азаматтық танытқанын, Елбасымыздың жақтаушылары екенін дәлелдегенін айтты. Сөзінің соңында кәсіп иесі алдағы уақытта да еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал басшылығымен көркейіп, гүлдене беретініне сенімді екенін жасырмады.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14