АСТАНА. 28 сәуір. Қостанай полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Михаил Ольмезовты егіс алқабынан тапты. Бұл туралы Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп сақшылары Михаил Ольмезовты 5 күн бойы іздеді. Тіпті полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топ құрып, ізшіл иттің көмегіне жүгінген. Осының нәтижесінде жоғалған жасөспірім Арман ауылының маңындағы жазық алқаптан табылды.
Михаил Ольмезовтың анасы 22 сәуір күні ұлының жоғалғаны жайында полицейлерге хабар берген. Оның айтуынша, ұлы кешкі уақытта үйінен шығып, Рязанов селосына кеткен ол содан қайта үйіне оралмаған. Сондай-ақ, анасы Михаилдың соңғы уақытта бірнеше мәрте үйінен қашуға әрекет жасағанын айтты.
Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Марат Есергепов: «Жоғалған жасөспірімді іздестіруге полицейлерден бөлек, ауыл тұрғындары да атсалысты. Михаилды сыртынан көргендер ол велосипедпен Майкөл ауылына қарай бағыт алғанын айтты. Алайда, біз оны Арман ауылына жақын маңдағы егіс алқабынан таптық», – деді.
Қазіргі таңда жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жауынның астында қалып, денесі мұздап қалғанын айтуда. Қазір Михаил Ольмезов дәрігерлердің жіті бақылауында.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14