Оқиға • 23 Шілде, 2024

Атырауда тағы екі бала суға батып кеткен

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Бесікті ауылында болған. Балалар жабдықталмаған жерде суға түскені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда тағы екі бала суға батып кеткен

фото: ТЖМ

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат туралы 23 шілде күні сағат 00:50-де хабар алды. Суға батқан бір баланың денесін туыстары алып шыққан. Екіншісін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Бесікті ауылында 2010 және 2011 жылы туған балалар шомылу кезінде суға батып кетті. 13 жасар баланың денесін туыстары тауып алып, судан шығарды, ал екінші баланы  іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдай қызметінің 11 қызметкері, 5 су көлігі жұмылдырылды», деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Мамандар Атырау облысында биыл суға түсу маусымы әлі ашылмағанын да нақтылады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше