Аймақтар • 07 Шілде, 2024

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.

Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.