Оқиға • 03 Шілде, 2024

Шығыс Қазақстан облысында найзағай соғып, бір адам көз жұмды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz,

Шығыс Қазақстан облысында найзағай соғып, бір адам көз жұмды

Фото:Ашық дереккөз

Устинка LIVE басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 2 шілдеде Черемшанка ауданында болған. Келіншек атқа мініп келе жатқан, жақын маңда тағы бір жылқы болған. Бір күн бұрын аймақта ауа-райы күрт нашарлап, жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.

«Найзағай ат үстіндегі әйелге тиіп кеткен. Салдарынан келіншек көз жұмды», деп жазды Устинка LIVE.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 28 маусым күні Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында Өзбекстан азаматын найзағай соғып, қайтыс болғаны белгілі болған еді.