Саясат • 26 Маусым, 2024

Басты басымдық – азаматтар сенімі

84 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комис­сиясының төраға­сы Нұрлан Әбдіров Қазақ­стан­ға ресми сапары ая­сын­да Үндістан Рес­пуб­ли­ка­сының сайлау жөнін­­дегі Бас комиссары Рад­жив Кумармен кездесті.

Басты басымдық – азаматтар сенімі

Үндістан Республикасы Сайлау комиссиясының директоры Панкадж Шривастава, Үнді­станның Қазақстан Рес­пуб­­ли­касындағы Төтенше және Өкі­л­етті елшісі доктор Т.В. На­гендра Прасад, ОСК мүшелері және аппаратының жауапты қыз­мет­керлері қатыс­қан кездесуде екі елдің орталық сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

ОСК басшысы үнділік әріптесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және 2022 жылы өткен республикалық референдумда жалпыхалықтық қолдауға ие болған конституциялық ре­фор­ма аясында еліміздің жаңар­тылған сайлау жүйесінің ерек­шеліктері туралы хабардар етті.

Сайлау байқаушыларын өзара жіберудің тәжірибесі табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, Үндістан өкілдері 2019 жылы Қазақстан Президентінің және 2023 жылы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына халықаралық байқауға қатыс­ты. Сондай-ақ ОСК төрағасы 4–8 мамыр аралығында Үндіс­танның Халықтық өкілдер палатасына (Лок Сабха) сайлаудың үшінші кезеңін халықаралық байқауға алғаш рет қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ол әріптесін ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған сайлау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Кездесу барысында Раджив Кумар Лок Сабха сайлауын өт­­кі­зу­дегі қиындықтар, оның ішінде сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу, жалған ақпарат пен фейкке қарсы тұру мәселе­лері, сонымен қатар сай­лау­ды қаржыландырудың кейбір аспектілері туралы айтты. Ол сондай-ақ Қазақстанға келу  оның осы сайлау аяқтал­ғаннан кейінгі алғашқы сапары екенін атап өтті.

Халық өкілдерін (Лок Сабха) сайлау бойынша дауыс беру үдерісі 44 күн ішінде (2024 жылғы 19 сәуірден 1 маусым­ға дейін) жеті кезеңде өтті. Үндістан сайлаушылар саны бойынша әлемдегі ең ірі ел (шамамен 1 млрд адам), олар автономды электрондық дауыс беру жүйелерін (EVM – Electronic Voting Machine) пайдалана отырып, сайлау учаскелерін­де дауыс береді. Бұл ретте Үндістанның сайлау жүйесінің ерекшелігі дауыс беру үдерісін фото-, бейнетүсірілімге, сондай-ақ сайлау учаскелерінде фото -, бейнемониторингке тыйым салу болып саналады.

«Біз Үндістанның сайлау ко­мис­сиясының қызметін таң­да­ныс­­пен байқаймыз, ол Сіздің бас­­шылығыңызбен сайлау сала­сындағы халықаралық және ай­мақ­тық қауымдастықтар шең­бе­рінде белсенді қызмет атқара­ды. Сіз 2021–2022 жылдары Дүние­жүзілік сайлау органдары қауым­дастығына (А-WEB) төр­аға­­лық еттіңіз. Сонымен қатар 2022–2024 жылдары және алдың­ғы жыл­дары Азия сайлау орган­дары қа­уымдастығына (ААЕА) төр­­аға­лық етуіңізді жоға­ры баға­­лаймыз», деді Нұрлан Әбдіров.

Кездесу барысында Орт­сай­лаукомның басшысы Үндіс­танның тәжірибесін бірегей және екіжақты ынтымақ­тас­тықта өзара тәжірибе алмасу өте пайдалы деп санайты­нын атап өтті. Бұл ретте ол өзара іс-қимылды неғұрлым жоға­ры, стратегиялық деңгейге шы­ғаруға мүдделілік білдірді. Екі мемлекеттің сайлау жүйелерін біріктіретін басымдық сайлау­шылардың сенімін арттыруға ұмтылу екенін атап өтті.

Тараптар екіжақты кәсіби ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге келісті. Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан мен Үндістанның орталық сайлау органдары арасындағы Өзара түсіністік туралы мемо­рандумға қол қою туралы ұсынысын әріптесі Раджив Кумар қолдады. Жақын арада осы құжатқа қол қойылғаннан кейін оны іске асыру үшін іс-шаралардың егжей-тегжей жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Үндістан Республикасының сайлау жөніндегі Бас комиссары Раджив Кумар қазақстандық әріп­тестеріне Үндістандағы Де­мо­кратия және сайлауды бас­қару халықаралық институты ба­засында халықаралық оқыту бағ­дар­ламаларына қаты­суға, сон­дай-ақ жыл соңында өтетін Үнді­с­тан­ның жекелеген провинцияла­рын­дағы жер­гілікті сайлауды бай­қауға қатысуға ұсыныс білдірді.

Раджив Кумар елдегі әлеу­меттік-экономикалық және сая­си өзгерістерді, атап айтқан­да, азаматтардың құқықтары мен мүд­делерін қорғауға бағыт­тал­ған өзгерістерді жоғары баға­лап, парламентаралық ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді.

Сапар аясында Үндістан Республикасының делегациясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен кездесіп, ҚР цифрлық үкіметі­нің тұжырымдамасы және функционалымен танысты. Оған елдің цифрлық экожүйесін транс­формациялау жөніндегі жұмысы көрсетілді.

Ресми сапары аясында Рад­жив Кумар мырза Алматы мен Астананың аумақтық сайлау комиссияларының қызметімен танысып, қалалар әкімдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.