Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Олар қаражатты жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.
Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті
Қазір мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 675 млн теңгеден асты. Аталған жағдай байланысты прокуратура органдары аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды