Оқиға • 16 Маусым, 2024

Талдықорғандағы демалыс орнында төбелес болып, оқ атылды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 маусым күні Талдықорғандағы демалыс орнында төбелес болды. Демалушылар арасындағы жанжалды Taldykorganec.insta парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғандағы демалыс орнында төбелес болып, оқ атылды

Фото: inbusiness.kz

Аймақтағы полиция басқармасы төбелес шығарғандардың жеке басы анықталып, ұсталғанын жеткізді.

«Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі - әскери қызметкер. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді», делінген хабарламада.