«Таза Қазақстан» • 09 Маусым, 2024

«Таза Қазақстан»: Ақтөбеде саябақтар мен гүлзарлар тазартылды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде ақтөбеліктер бірнеше саябақ пен аллеяны абаттандырып, күл-қоқыстан тазалады. Бұл туралы «24.kz» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Ақтөбеде саябақтар мен гүлзарлар тазартылды

Фото: kazgazeta.kz

 

Мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық мекеме, білім беру орындары, денсаулық сақтау ұйымдары, «Жасыл ел» жасағы және кәсіпорындар ұжымдарынан құралған мыңдаған адам тазалық шараларына атсалысып, 120 тонна қоқыс шығарды.

Электр энергиясымен қамтушы компанияның инженері Жасұлан Ысқақов: «Саябаққа мекемеміздің атынан 15 адамдай келіп отырмыз. Сол белгіленген учаскемізді бәрін тазалап, жиыстырып жатырмыз. Елімізде әрдайым тазалықта, тәртіпте бірге болайық!», деді.

«Жас ұрпаққа біз сияқты азаматтар, біздің буын үлгі көрсетуі керек. Сол бағытта «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Біз де, қала тұрғындары қаланы таза ұстауымыз керек», деді облыстық мәслихат депутаты Бижан Қалмағанбетов.

Тазалық шарасында саябақтардағы жүргіншілер жолдары түгел тазартылды. Экологиялық акция басталғалы өңірде заңсыз қоқыс төгетін орындар азайған.

Соңғы жаңалықтар