Алматы • 06 Маусым, 2024

Алматы аудандарының бірінде суық су уақытша өшіріледі

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 12 маусым сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы аудандарының бірінде суық су уақытша өшіріледі

Фото:gov.kz

Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов – Лобачевский – Сейфуллин – Ақпаев көшелерінің бойында суық су беру уақытша шектеледі.

Жұмыс кезеңінде Түрксіб ауданының бір бөлігінде Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – Жансүгіров көшесі контурында су қысымының төмендеуі күтіледі.

Жабық клапандарды және басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау осы аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік нысандарға су автоцистерналармен жеткізіледі. Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», деп хабарлады «Алматы су» МКК.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті