Оқиға • 30 Мамыр, 2024

Елімізде 39 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын полицияға ата-анасының қарауынсыз түнде көшеде жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 39 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: inbusiness.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров Қазақстанда соңғы бес жылда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар саны азайып келе жатқанын айтты. Алайда бұл құқық бұзушылықтар ата-аналардың тиісті қадағалауының болмауынан орын алып жатқанын айтты.

«Жыл сайын республика бойынша ата-анасының еруінсіз жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта көшеден полицияға жеткізіледі. Онда олар қылмыстың құрбаны бола алады немесе өздері белгілі бір әрекеттерді жасай алады», деді Ренат Зұлхайыров. 

Сондай-ақ ол 2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында балалардың түнде ата-аналарының еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін 39 мың ата-ананың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Сонымен қатар түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға түрлі қызмет көрсеткені үшін 1,2 мыңнан астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті