Басылым • 25 Мамыр, 2024

Қазақстан – Түрікменстан: БАҚ саласындағы байланыс

44 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда Ашхабат қаласында түрікмен ақыны, ойшылы Махтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық жоғары деңгейде мәдени, ғылыми, танымдық іс-шара өтті.

Қазақстан – Түрікменстан: БАҚ саласындағы байланыс

Түркі дүниесінің абыройын көтерген жиында Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, еларалық байланысқа қатысты өрелі пікір білдірді. Сондай-ақ маңызды форумға мәдениет, тіл-әдебиет, экология саласы өкілдері, ЮНЕСКО-ның өңірлік мамандары, кітапхана басшылары қатысты. Өзара әріптестік аясында өткен басқосу қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенін айқындады.

Аталған халықаралық іс-шара аясында Түрікмен Ғылым ака­де­миясы Махтымқұлы атындағы Тіл, әдебиет және ұлттық қол­жаз­балар институты «Махтымқұлы Пырағының даналық қазынасы» атты ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Ғылыми форумға қаты­су­шылар Мақтымқұлы атындағы мәдениет паркі кешенін тамашалап, осында орнатылған әлемдік 24 тұлғаның ескерткішімен танысты. Олардың ішінде қазақтың әйгілі күйші-композиторы Құр­ман­ғазы ескерткішінің бой түзе­генін айта кеткіміз келеді. Осы парк­тің жоғарғы жағындағы қы­ратта Мақтымқұлының 60 метр­лік тастан сомдалған бейнесі мен­мұн­далап тұр. Авторы – осы елдің атақты скульп­торы Сарагт Бабаев.

«Қазақ газеттері» серік­тес­тігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы Түркі елдері және басқа да шетелдік ғалымдарымен, қайраткерлерімен  сұхбаттасып, Қазақстан мәдениеті мен мерзімді басылымдарын танымалдандыру туралы кеңесті. Бұлардың ішінде Ресей, Қытай, Иран, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Литва, Польша, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Әзер­байжан, т.б. елдердің әдебиетта­нушы, тілші, ­тарихшы, мәтін­та­ну­шы, мәдениет­танушы, әлеумет­танушы, медиатанушы кәсіби мамандары болды.

17 мамырда «Спорт» қо­нақ­үйінің мәжіліс залында «Тү­рікменстан» газетінің бас редакторы Какамұрат Режеповпен, «Нейтральный Турк­менистан» газетінің бас редакторы Майя Алимовамен, «Гүнеш» (балалар журналы) бас редакторы Гүләлек Бабаевамен кездесіп, Қазақстан мен Түрікменстан тарихи тұлғаларын танымалдандыру туралы уағдаласты. Әріптес елдің газет басшылары «Қазақ газеттері» басшылығының: «Тарихта айрықша орны бар кемі 20 тұлғаны анықтап, түрлі форматта насихаттайық. Бүгінгі қоғамға еңбек сіңіріп жатқан диаспора өкілдері көрсетіп отырайық. Қос елдің ғылым, білім, мәдениет, спорт бағытындағы саңлақтарын бірлесе жазайық» деген ұсынысын қолдады. Сондай-ақ Алаш бас­па­сөзінде орны бар түрікмен қа­ламгері, ғалымы Күмішәли Бө­риевті бірлесе насихаттау екі ел үшін де маңызды екені айтылды. БАҚ басшылары кездесуінде бала­лар суретшілерінің тәжірибе ал­ма­суы, «Менің туған өлкем» та­қы­­рыбында қазақ-түрікмен оқу­­шы­­ларының онлайн эссе бай­қауын өткізу ұсынылып, қолдау тапты.

18 мамырда «Махтымқұлы Пыра­ғының даналық қазынасы» халықара­лық конференциясының негізгі жұмыс күнінде академик Д.Қамзабекұлы «Түрікмен мәдени әлемінің биік құбылысы» атты баяндама жасады. Түстен кейін осы елдің Мәдениет инс­титутында өткен «Махтымқұлы және оның заманы» атты секциялық жиынына модераторлық етті. Осы күні Түрікменстанның «Алтын ғасыр» телеарнасына сұхбат берді.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше