Әскер • Бүгін, 17:48

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

90 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Қарулы Күштері қатарында мерзімді қызмет атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығына сәйкес, ҰҚК Шекара қызметінің сарбаздары бірінші болып үйлеріне орала бастады. 

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Осы аптада ең алдымен Алматы облысы бойынша департаментінің Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі «Көктем-2025» шақырылымының сарбаздарын шығарып салу рәсімін өткізді. Шарада өздеріне жүктелген міндетті абыройлы орындағаны үшін қатардағы жауынгерлер: Еркебұлан Мейранбекұлы, Әділбек Кенжеғұл, Жәнібек Кәрімжан, Абылайхан Серікбай және Таңнар Ділмұрат департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Алиевтің алғыс хатымен марапатталды. Бөлім бастығының орынбасары лейтенант Азиз Османов үйлеріне оралатын сарбаздарға Отан алдындағы адал қызметтері үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар мұндай сүйінші жаңалықты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының үйге оралатын күнді асыға тосып жүрген сарбаздары да қуана қарсы алды. Әсіресе аталған шекара басқармасына қарасты «Сұңқар» шекара бөлімшесінің сарбаздары осынау жүрекжарды сәтті әлеуметтік желілердің біріне салып үлгеріпті. Мұнда әскери көлікке отырған өздерінің қаруластарымен қол бұлғап қоштасып жатқан шекарашылар көрінеді.

Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар

ее

Иә, бұл – бұрыннан келе жатқан дәстүр. Әскерден қайтатын сәт туғанда сарбазды алдымен шекара бөлімшесінің бастығы соңғы рет сапқа тұрғызып, барлығымен қол алысып, қоштасады. Сосын, кезек әскердің қызығы мен қиындығын бірге өткерген қарулас достарына келеді. Олар достары мінген көлікті қақпадан итеріп шығарады... Осы сәттен бастап, сарбаздар үшін «қарулас» деген ұғым нағыз достықтың белгісіне айналады. Тіпті, бұл бала кезден бері жалғасып келе жатқан нағыз достықтан да артық.

Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді

Сонымен, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының ұжымы 100-ге тарта сарбазды үйлеріне салтанатты жағдайда шығарып салды. Ал Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Т. Табылдиевтің айтуынша, алғашқы болып, 24 сарбаз басқармамен қоштасқан. Әскерден кейін қызметтерін келісімшарт шарт негізінде жалғастыруды шешкен жеті сарбазға бұйрық шығыпты. Тағы да бір сүйінші жаңалық, үш сарбаз шекарашы офицер атану үшін ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсуге бел буған көрінеді. Ал туған үйлеріне оралған сарбаздар жауынгерлік даярлық қызметінде көзге түскені үшін шекара басқармасы бастығының грамотасымен марапатталып, осындай патриот ұл тәрбиелегені үшін олардың ата-аналарына алғыс хат жолданатын болды.   

Иә, бүгін оларды ата-анасы, туған-туыстары сағынып күтеді. Енді сарбаздар туған жерге абыроймен оралып, алған тәлім-тәрбиесін өмір жолында жалғастырады. Сарбаздарды шығарып салу дәстүрі – әскери өмірдің ажырамас бөлігі. Бұл – ел қорғау жолындағы еңбекті бағалау, азаматтық борышты өтеудің айқын көрінісі.

 

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,  

ҰҚК Шекара қызметі

Алматы облысы бойынша департаментінің

баспасөз хатшысы

Соңғы жаңалықтар