Білім • 22 Мамыр, 2024

ҰБТ-ға тіркелу мерзімі ұзартылды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға тіркеу мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ-ға тіркелу мерзімі ұзартылды

Фото:gov.kz

«Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіріп үлгермеген талапкерлердің пікірін ескере отырып, ертең, 22 мамырда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тест тапсырушылар үшін ашық болады. Өз мүмкіндігіңізді өткізіп алмаңыз. Іске сәт!», деп жазды Саясат Нұрбек  Telegram парақшасында.

Сондай-ақ өтініш беруге үлгермеген тестілеушілер тек app.testcenter.kz сайтында қолжетімді күндерге тіркеле алатыны хабарланды. Бұл екі рет өтініш берген үміткерлер үшін қолжетімсіз.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті