Таным • 14 Мамыр, 2024

«Аяқкиім сатылады... Киілмеген»

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хемингуэйдің ең қысқа әңгімесі барша әлем оқыр­манына мәлім: «For sale: baby shoes, never worn» («Балаларға арналған аяқкиім сатылады. Киіл­ме­ген»). Бір уақыттарда жазушы өзі жазған барлық шығар­мадан басып озатын алты сөзден тұратын жан тербетерлік әңгіме жазып шығам деп дос­тарымен бәстеседі. Ақырында сол бәсте ұтып шығып, әрқайсысынан 10 доллардан қағып алады.

«Аяқкиім сатылады... Киілмеген»

Ал ақиқатына келсек, Хэм ағай­дың жазушылық мансабының басталуы­на дейін америкалық газеттерде балалар аяқ­киі­мі немесе арба туралы осындай хабарландырулар жиі шығатын болған. Мұндай хабарландырулар туралы түрлі ав­тор­­лар мақала жазып, оларды «қыс­қа әңгімелер» деп атады. Ал Хе­мингуэйдікі делінетін бұл әңгіме тек 1990 жылдары баспасөз беттерінде пайда болды. Хэм ағай аяқ­киім туралы әңгіменің негізін қайдан алғанын болжай беріңіз...

Ал кейде әдебиет май­тал­ман­дарының бір ауыз сө­зінде бір ғасырдың шындығы жатуы мүмкін.