Бокс • 04 Мамыр, 2024

Азия чемпионаты: Қазақстанның 15 боксшысы финалда шайқасады

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды. Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын жастар командасынан алты боксшы үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионаты: Қазақстанның 15 боксшысы финалда шайқасады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Финалдық жекпе-жектер 6 мамыр күні өтеді:

60 келі. Алексей Хаванцев — Сагар Джахар (Үндістан)
67 келі. Төрехан Сабырхан — Мухамедазиз Исмаилов (Өзбекстан)
71 келі. Өнер Сейілхан — Пряндшу (Үндістан)
75 келі. Санжарәлі Бегалиев — Рахул Кунду (Үндістан)
80 келі. Мадияр Бексұлтанов — Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан)
86 келі. Иманғали Нұрпейіс — Ахмаджон Исроилов (Өзбекстан)

Сарықұрлық додасында қола жүлдегерлер анықталған еді. Қазақстан спортшыларынан Бексұлтан Боранбек (51 келі), Нұрасыл Төлебек (54 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Ахмет Үсен (63.5), Расул Асанханов (92 келі), Нұркелді Жұматай (+92 келі) үшінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында Қазақстанның 9 спортшысы финалға өтті. 

Финалдық жекпе-жектер:

52 келі. Бағжан Отынбай — Ниша (Үндістан)
54 келі. Аяжан Сыдық — Таманнам (Үндістан)
57 келі. Аяжан Ермек — Феруза Шарипова (Өзбекстан)
60 келі. Толғанай Қасымхан — Никита Чанд (Үндістан)
66 келі. Ұлдана Таубай — Дина Жанатбике (Қытай)
70 келі. Мария Сидоренко — Альмира Абдрайыммен (Қытай)
75 келі. Шұғыла Нәлібай — Рудрика (Үндістан)
81 келі. Аружан Зейноллаева — Хуши (Үндістан)
+81 келі. Панар Сейітханқызы — Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)

Қыздар арасында қола жүлдегер атанғандар: 48 келі салмақ бойынша Әнел Абдрасилова, 50 келі салмақта Элянур Тұрғанова, 63 келіде Аружан Жаңабаева.