Саясат • 26 Сәуір, 2024

Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік

59 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-министр Олжас Бектенов Анкараға жұмыс сапарымен барды. Мұндағы мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу болды. Бұл ретте астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және басқа салалардағы бірлескен жобалар құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік

Фото: turaninfo.kz

Сапарда Олжас Бектенов Тү­рік Республикасы басшысының қа­был­дауында болып, Түркияның Вице-Президентімен келіссөздер жүргізді. Ірі түрік компаниялары, холдинг өкілдерімен кездесуде инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Қабылдауда Олжас Бектенов Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Екі ел арасындағы кеңейтілген стра­тегиялық әріптестік бағытта өзара іс-қимылды дамыту бойынша қол жеткізген уағдаластықтар сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, аграрлық және мәдени-гумани­тарлық ынтымақтастықтың барлық салаларында белсенді іске асатынын айтты.

Үкіметаралық келіссөздер барысында Премьер-Министр Ол­жас Бектенов пен Түркия Вице-Пре­зиденті Джевдет Йылмаз өзара тиім­ді әріптестікті дамытудың нақ­ты іс-шараларын талқылады. Сон­дай-ақ транзит және көлік, АӨК, өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақ­тастықтың перспективаларын кеңей­туге дайын екендерін жеткізді.

Түркия еліміздің ең ірі 5 сауда серіктесінің бірі әрі үздік 20 инвес­торының қатарына кіреді. Бүгінде екі ел үкіметтері кем дегенде 10 млрд доллар деңгейінде тұрақты сауда көлемін жүйелі түрде қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Түркияға өнімнің 34 түрі бойынша жалпы құны 630 млн доллардан астам тауар экспортын арттыруға ниетті. Олардың ішінде металлургия, мұнай-химия, азық-түлік және ма­ши­на жасау өнеркәсібінің өнімдері бар. Тек жыл ішінде теміржол көлі­гімен жүк тасымалдау көле­мі шамамен 40%-ға өскен. Өз кезегін­де түрік тарапы экономиканың перс­пек­­тивалы бағыттары бойынша жаңа бірлескен жобаларды іске асы­­ру­ға қызығушылық танытты. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін дамыту шеңберінде жүк тасымалының көлемін үш есеге ұлғайту мәселелерін талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақ­тастық жөніндегі үкіметаралық комис­сияның 13-отырысы шеңбе­рінде делегациялар кеңейтілген құрамда өнеркәсіптік кооперация­ны нығайту тетігін қарастырып, фарма­цевтикалық өндірісті локализа­циялау, медицина саласында озық тәжірибе алмасу және мәдени-гума­ни­тарлық байланыстарды нығай­ту жоспарларын белгіледі.

Бұдан соң Түркияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесудің басты тақырыбы перспективаларды талқылау және жаңа байланыс нүктелерін анықтау болды.  Дөңгелек үстелге ірі компанияның басшылары, түрік бизнесінің алыптары саналатын YDA Holding құрылыс компаниялары тобының басқарма төрағасы Хусейн Арслан, әлемдік хром өнеркәсібіндегі төртінші ірі ком­пания – Yildirim Holding өнеркә­сіптік топтың басқарма төрағасы Роберт Юксель Йылдырым, әлем­дегі ең ірі ауыл шаруашылығы дақыл­дарын өндіретін және экспорт­тай­тын компаниялардың бірі Tiryaki Holding басқарма төрағасы Ахмет Ти­риякиоглу, жетекші түрік логисти­калық компаниясы S Sisitem Lojistik басқарма төрағасы Хусейн Барлин, Abdi Ibrahim холдингтік тобының бас атқарушы директоры, Түркияның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы Сюха Ташполатоглу, фармацевтикалық өнімдердің жетек­ші өндірушісі Nobel ILAC басқарма мүшесі Сами Туркоглу және басқа да тұлғалар қатысты.

Екіжақты диалог әрі қарай іскер топтардың 500-ден астам өкілінің қатысуымен өткен бизнес-форум аясында жалғасты. Форумда түрік кәсіпкерлері Қазақстанның инвести­циялық ахуалымен және инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Бүгінде жалпы құны шамамен 3,8 млрд доллар болатын 100-ге жуық бірлескен қазақ-түрік инвестициялық жобасы іске асып келеді.

Осы тұста Олжас Бектенов бизнес өкілдеріне еліміздің маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Еліміздің инвестициялық әлеуе­ті зор және біз Түркиямен өза­ра тиім­ді ынтымақтастықты одан әрі кеңей­туге мүдделіміз. Қазақ­стан Үкі­меті озық технологияларды транс­ферттеу, өндірістерді локали­зациялау және терең өңдеу клас­тер­­лерін құруға ниетті. Аталған бағыт­та ынтымақтастыққа дайын инвес­торларға қажетті ресурстар ұсыны­ла­ды және инфрақұрылыммен қамта­масыз етіліп, қолдау көрсетілмек. Қазақстан Үкіметі елімізге бизнес жүргізу үшін келгендердің барлығына сенімді серіктес болуға дайын», – деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы кәсіпкерлердің назарын неғұрлым перспективалы салаларға аударды. Олардың ішінде мұнай-газ химиясы, көмір химия­сы, өндірісті локализациялауды терең­детуге және шығарылатын техни­каның модельдік қатарын кеңейтуге бағытталған машина жасау саласына басымдық берілді.

«Түркия мен бауырлас Қазақ­стан арасындағы сауда-экономи­калық қарым-қатынаста оң дина­ми­ка байқалады. Бұл – бизнес өкіл­­дерінің, инвесторлардың, экспорт­таушылардың үлкен еңбегі. Бүгінгі келіссөздердің ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Біздің елдеріміз экономиканы дамытуда бірлесе еңбек етіп, бизнеске жан-жақты жәрдемдесуді жалғастырады. Жаңа келісімдердің арқасында Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы кеңейетініне сенімдімін»,– деп атап өтті Түркия Республикасының Вице-Президенті Джевдет Йылмаз.

Бизнес-форум нәтижесінде Қазақстан мен Түркия делегация басшыларының қатысуымен жалпы құны 180 млн доллардан астам инвестициялық ынтымақтастық саласындағы коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде дайын өнімді экспорттау жөніндегі меморандум, логистикалық хаб салу туралы келісімдер, сондай-ақ каль­цилендірілген сода, жаңбырлатып суару жабдықтарын, тоқыма емес материалдар шығаратын бірқатар зауыттар салу туралы, суару жаб­дық­тарын құрастыру бойынша келі­сім­дер бекітілді. Сонымен қатар тұқым ша­руа­шылығы саласындағы озық тәжірибе алмасу, тұқым жеткізу перс­­пективалары туралы келісімге қол қойылды.