Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам ұсталды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен. Ол ұсталып, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам ұсталды

«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Айта кетейік, 21 сәуірде әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің баспалдақ алаңында балаларының көзінше әйелін сабаған ер адамның видеосы тараған.

Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, екінші қолымен оның аузын жауып тұрғанын байқауға болады. Жазбада келіншектің айғайлаған, балалардың жылаған дауысы естіледі.