Спорт • 22 Сәуір, 2024

Түркиядағы әлем кубогінде Қазақстан командасы чемпион атанды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі бессайыстан ел спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.

Түркиядағы әлем кубогінде Қазақстан командасы чемпион атанды

Фото: UIPM

Қазақстан командасы аралас эстафетада бірінші тұғырға көтерілді. 

Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. 

Жалпы қорытындыда бессайысшыларымыз 1327 ұпай жинады. 

Екінші орынды Египет, үшінші орынды Италия құрамасы еншіледі.