Дін • 08 Сәуір, 2024

Маңғыстау облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

57 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Маңғыстау облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті.

Маңғыстау облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

2024 жылдың 4-5 сәуірінде Ақтау қаласындағы «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология және педагогика маманы Туйғанов Мырзабек Сардарбекұлы және дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан Қонырбайұлы семинар оқыды.

Мырзабек Туйғанов «Деструктивті діни идеологияларға қарсы тұрудағы дәлелдеу әдістері» тақырыбы аясында қатысушыларға деструктивті діни ағым жетегінде кеткен отбасылармен әңгіме жүргізу, байланыс орнату және өзін-өзі ұстау жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ «Жастарды деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу нысандары мен әдістері» тақырыбымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, психологиялық бейнесін анықтау және жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері туралы сөз қозғады. 

п

Дәлелхан Оспанов «Рухани адамгершілік құндылықтарды идеологияға айналдыру» тақырыбы аясында қатысушыларға ислам дініндегі күрделі проблемалар мен асқынып тұрған мәселелерді түсіндіре отыра, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы туралы айта кетті. Сондай-ақ «Діни экстремизнің алдын алу және оңалту жұмыстары» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, мәнді жауаптар алынды.

п