Заң • 01 Сәуір, 2024

Қайрат Сатыбалдының соты күтпеген жерден тоқтатылды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты басты сот отырысы басталды, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалдының соты күтпеген жерден тоқтатылды

Фото: kaz.orda.kz

Бұл жолы Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) үшін айыпталып отыр. Дегенмен, Қайрат Сатыбалдыұлының өзі сот залында жоқ. Ол процеске онлайн қосылуы керек еді, бірақ техникалық ақауларға байланысты бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты сот процесі күтпеген жерден тоқтатылып, үзіліс жарияланды.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі деп танылған болатын. Сот үкіміне сай оның мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айыру және алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Дәлелденген айыптардың ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ға 12 миллиард теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтіру және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ мүлкін жымқыру фактілері бар.