Отбасы • 18 Наурыз, 2024

Атаулы күндегі айрықша ықылас

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы «Шаңырақ күні» облыс орталығы мен әр ауданда аталып өтті. Осы күні жастардың неке қию салтанаты өткізіліп, көпке сыйлы ақсақалдар бата берді. Бас қосқандарына жарты ғасыр болған отбасылар үшін «Алтын шаңырақ», 25 жыл отасқандар арасында «Күміс кереге» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Дүние есігін ашқан сәбилердің анасына «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары берілді.

Атаулы күндегі айрықша ықылас

«Шаңырақ күні» аясында  Жала­ғашта аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық қоғам­дық даму бөлі­мінің басшысы Жасұ­лан Ес­пенбет пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақ­­сылықова перзентханаға барып, осы күні дүниеге атұстар әкелген Фарида Әлиева мен Перизат Ахметоваға, кесте­тігер­дің анасы Нұргүл Мұса­баеваға сый-сияпат табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.

Қазалылықтар да осы атау­л­ы күнді айрықша атап өтті. Р.Бағланова атын­дағы мәде­ниет орталығында іс-шара ұйымдас­тырылып, жарты ғасыр жұп жаз­баған Жеткергеновтер отба­сы мен отасқандарына 25 жыл болған Мұқа­новтар шаңы­ра­ғына құрмет көрсетілді. Аудан­­аралық аурухананың бас дәрі­гері Бақыткүл Әлішева жас бо­сан­ған аналарға сый табыс­­­тады.

Арал қаласындағы Отбасын қол­дау орталығында келін түсіріп, жаңа отау көтерген жастардың неке қию рәсімдері өткізілді. Дәстүрге сай беташар өтіп, отбасы құндылықтары дәріптелді. Салтанатты түрде жастар­дың некесі қиылып, жас отау иелеріне куәлік пен сый-сияпат табысталды. Ауданға белгілі мәдениет саласының ардагері, қазына қария Байнияз Тілепов жас жұбайларға бата беріп, елімізге бақ-береке тіледі.

Сырдарияда осы күні ұл босанған Гүлжан Құлмағамбетованы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ақкүл Күлеке мен аурухана қыз­меткерлерінің кәсіподақ ұйымы төра­ғасы Серік Маханбетов құттықтады.

Атаулы күні Жаңақорғанда аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұрид­динов пен аудан­дық аурухана бас дәрігері Тәңір­берген Әмитұлы дүниеге келген 3 сәбидің анасын «Шаңы­рақ күнімен» құттықтап, құр­мет көрсетті.

Осы күні Қызылорда қала­сын­дағы Отбасы орталығында от­басылық танымдық іс-шара ұйым­дастырылып, береке-бір­лігі жарасқан шаңырақтар көп­ші­лікке насихатталды.

 

Қызылорда облысы