Бизнес • 27 Ақпан, 2024

Бизнес жүргізу ережелері

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, бизнесті жүргізу туралы заң ережелерін талқылады.

Бизнес жүргізу ережелері

Фото: gov.kz

Заң Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында және мемлекеттік бақылау мен қадағалау сипаттарын ретке келтіруге, кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамыту жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Сенаторлар мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы мақсаттағы жерлерге, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға ауыстыру мүмкіндігін сақтауға байланысты, сауда қызметін реттеу саласында уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін белгілеуді көздейтін ережелерді талқылады.

Құжатта сонымен қатар әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­ларына бағаны тұрақтандыру тетік­терін іске асыру кезінде мемлекет­тік атаулы әлеуметтік көмек алушылар­ға қолдау көрсету, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізат­пен қамтамасыз ету тетігін жетіл­діру, бірыңғай төлем бөлшектерін­дегі үлесті қайта есептеу және басқа да мәселелерге түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысында заңды Палатада екінші оқылымда қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.