Оқиға • 27 Ақпан, 2024

Алматыда автобус толығымен өртеніп кетті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта өрт қызметкерлері жалынды сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда автобус толығымен өртеніп кетті

фото: kris_p_ Almaty

«Бүгін сағат 11:45-те «Қарасу» ықшамауданында жанып жатқан автобус туралы хабарламаға Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, автобус ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. 10 шаршы метр аумақты шарпыды», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.