Бюджет • 23 Ақпан, 2024

Бюджет кірісінің тұрақты көзі

111 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл бюджет тапшылығы 3,5 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Алдағы уақытта бюджетті тиімді басқару және өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау – Үкіметтің алдында тұрған басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет және салық саясатының тиімділігін түбегейлі арттыру еліміздің экономикасын дамытуда кезек күттірмейтін міндет деп баса айтты.

Бюджет кірісінің тұрақты көзі

Президенттің айтуынша, әзір­­леніп жатқан жаңа Салық ко­дексінде инвесторларға қолай­лы жағдай жасалып, бюд­жетке қа­­жетті көлемде қаржы түсі­ру бо­йынша көкейге қо­ным­ды тең­ге­рімді қамта­ма­сыз ету керек.

Бұрынғы Үкімет қосымша құн салығының мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға көтеруді ұсынған еді.

Осы ретте Тұран универ­си­т­еті қаржы кафедрасының доценті Назия Мұсаханова қо­сым­ша құн салығы бюджет кірі­сінің ең тұрақты көзі дейді.

«ҚҚС әлемнің көптеген елін­де қолданылады және өзінің әмбе­баптығына байланысты бюджет қалыптасуын қамта­ма­сыз етеді. ҚҚС мөлшер­ле­ме­сі ұлғайса, бизнестің са­лық шығыны артып, елдің инвес­ти­циялық тартымдылығы нашарлауы мүмкін. Бұрынғы Үкімет мөлшерлеменің көте­рілуі­нен түсетін ҚҚС бойынша қо­сымша түсім Ұлттық қор­дан түсетін трансферттердің түсі­мін алмастырады деген пікірде болған. Менің ойымша, ҚҚС мөлшерлемесін реформа­лау кезінде Еуроодақтың кей­бір елдерінің тәжірибесіне сүйенсек орынды болар еді. Олар ҚҚС мөлшерін өзі қой­ғаны­мен, есептеудің белгілі бір ережесі бар. Мәселен, стандартты мөлшерлеме кем дегенде 15% болуы керек. Бұл ретте жеңілдік мөлшерлемесін қол­данатын бірқатар тауар­лар болса, ал кейбір өнім түрлерінде нөлдік мөлшерлеме бекітілген. ЕО елде­рі­нің түгелге жуығы резиденттер мен резидент емес­тер­дің ҚҚС төлеуін ажырата­тын­дықтан, салық же­ңіл­дік­терін елдегі ресми тір­кел­ген бизнес өкілдері пайдалана алады. Тұруға рұқсат алып, кеңсе ашқан резидент еместер үшін де инвестиция тарту мақсатында төмендетілген мөлшерлемелер белгіленеді», дейді Мұсаханова.

Егер Еуропадағы орташа ҚҚС мөлшерлемесі 20–21% болса, Ұлыбританияда 0% –5,5% аралығында екен. Елімізге тиісті ҚҚС-тың тек фискалдық ғана емес, реттеушілік әлеуетін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету керек дейді сарапшы. Сара­ланған салық салуды енгізген елдер­дің тәжірибесінде қиын­дық­тар жоқ көрінеді.

«Салық жүйесі дамыған Еуропа елдерінің өзінде ҚҚС-нан жалтару арқылы жаппай алаяқ­тық орын алған. Фран­ция бюд­жетінің мұндай әрекет­тер­ден жыл сайынғы шығыны – шамамен 19 миллиард, Германияда – 17–18 миллиард, Ұлыбри­тания­да шамамен 16,5 миллиард еуроны құрайды екен. Бүгінде салықтың бөліп төлеу жоспары мен жеңілдетілген мөл­шерлемесі жұмысты қиын­да­тып жіберді. ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қайта қарау – салық төлеушілердің барлық санаты үшін электрондық шот-фактураны міндетті түрде қол­дану және ҚҚС шот-фак­тура жүйесін пайдаланудың мүм­кін­дігін кеңейту керек. Қазақ­станның шетелдер­ден айырмашылығы – әлеу­меттік маңызы бар тауарлардың жекелеген топтары үшін ҚҚС бойынша жеңілдік мөлшер­ле­месі жоқ (пандемия кезін­де­гі уақытша шараларды қос­па­ған­да). Бұл тәжірибе көпте­ген Еуропа елінде және Ресейде қолданылады. Меніңше, ҚҚС сараланған мөлшерлемесінің жүйесін әзірлеуге болады. Мә­се­лен, тізімге балаларға ар­нал­ған заттар, минералды су, сүт алмастырғыш, балалар авто­креслосы, қоғамдық көлік қыз­меті сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларды қосу керек. Еура­­зия­­лық экономикалық одақ ая­сында (ЕАЭО) ҚҚС мөл­шер­ле­месін біріздендіру болмай тұр. Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жанама са­лық­тардың мөлшерлемесі сәй­кес келмейді. Жанама салық­тар­ды алу «тағайындалған ел» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Тауарларды импорттау кезінде импорттаушы елде қолданылатын мөлшерлеме қол­данылады. Бірыңғай ҚҚС мөл­шерлемесін енгізу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден және салық органдарының өзара іс-қимылының басым бағыттарының біріне айналуы тиіс деп ойлаймын», дейді Назия Мұсаханова.

Сарапшы бизнес жүргізу үшін тең жағдай жасалса, ҚҚС төлеу тәртібін жеңілдету жанама салықтарды бірыңғай кедендік аумақта тиімді әкімшілендіруге ықпал етер еді деген ой айтады. Әрине, біздегі салық жүйесін ҚҚС бойынша реформалау ке­зін­де отандық экономиканың ерек­шеліктерін, даму және да­йындық деңгейін ескере отырып, шет мемлекеттердің тә­жіри­бесін қолдану артық болмай­тын се­кілді. ҚҚС-ны тиімді бас­қа­ру­да блокчейн механизмі мен жасанды интеллект жүйесін жетіл­діру тағы бар.