
Фото: alfatechnologies.ru
Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді, пилотсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалану ұсынылды.
«Сондай-ақ жаяу жүргіншілермен профилактикалық жұмысты күшейтіңіздер. Биылдың өзінде олар 500-ден астам жол-көлік оқиғасына себепші болды. Сондықтан қатаң шаралар қолданылуы керек. Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері мектептерде міндетті түрде жол ережесі бойынша сабақ өткізу қажеттігін тағы да естеріңізге саламын», деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр жолдарды мобилді байланыспен қамту қарқынын жеделдету жайына да тоқталды.
«Тағы бір мәселе – қала сыртындағы жолдарда мобильді байланыстың нашар болуы. Біз бұл туралы көптен бері айтып келеміз бірақ еш нәтиже жоқ. Мәселен, «Алматы – Бішкек», «Алматы – Талдықорған» жолдарының интернетпен қамтылғанына қарамастан, көлік жүргізушілері ұялы байланыс пен интернет ұстамайтын аймақтардың бар екенін айтып, жиі шағымданады. Жол апаттары кезінде зардап шеккендер көмек қызметтерін шақырта алмайды. Цифрландыру министрлігі жолдарды мобилді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуі қажет», деді Олжас Бектенов.